Газбен жылыту жүйесі бар әр үйде көгілдір отынның шығуын анықтайтын дабыл датчигі болуы тиіс — Олжас Бектенов

Олжас Бектенов жылыту кезеңінде газ жабдықтарының қауіпсіздігін қатаң бақылауды тапсырды.

Үкімет отырысында жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында Премьер-министр Олжас Бектенов газ жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында газ тарту жұмысын жалғастырудың маңызын атап өтті. Газ жабдықтарын орнату кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Газбен жылыту жүйесі бар әр үйде көгілдір отынның шығуын анықтайтын дабыл датчигі, сертификатталған қазандықтар мен құрылғылар болуы тиіс. Газ қызметтері тұрғын үйлерде газды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыруға міндетті. Өңір әкімдіктеріне осы бағытта қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын», – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.