Биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і қазақ тілінде жарыққа шықты

Мемлекет басшысы: Қазақ тілі барлық салада, соның ішінде креативті индустрияда кең қолданыс табуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде ана тіліміздің қоғамдағы рөлі артып, креативті индустрия, баспа ісі мен кинематография салаларында басты орынға шығып жатқанын атап өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары қазақ тілінде жарық көрген кітаптар, әндер мен фильмдердің нарықтағы үлесі айтарлықтай ұлғайған.

 «Ана тілімізде жарық көрген кітаптардың, әндердің, фильмдердің нарықтағы үлесі ұлғая түсті.
 
Мысалы, былтыр баспадан шыққан 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылды. Ал биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты.
 
Айтылған деректердің бәрі жұртымыздың арасында қазақ тіліне үлкен сұраныс тудырды. Бұл – өте қуанышты жайт, жақсы үрдіс. Осындай жұмысты күшейте беруіміз керек», – деді Президент.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.