Қастерлі Отанымыз – Қазақстан мен қасиетті құндылығымыз – қазақ тілі жасай берсін! – Тоқаев

Президент «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайын қорытындылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайын қорытындылап, қазақ тілін дамыту жолында жұдырықтай жұмылып еңбек етіп жүрген барша отандастарға, ұйым белсенділері мен басшылығына шынайы ризашылығын білдірді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сөзін қазақтың аталы сөзімен түйіндеп, тіл мәдениеті мен ұлттық құндылықтардың маңызына ерекше тоқталды.

Президент: 
«Халқымызда «Әдеп басы – тіл» деген аталы сөз бар. Сондықтан осы мемлекеттік маңызы бар жұмысқа «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, жалпы, тілімізді үнемі қолдайтын азаматтар белсене атсалысуы керек.
Бәріңізге тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін. «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлына да алғыс айтамын. 
Қастерлі Отанымыз – Қазақстан мен қасиетті құндылығымыз – қазақ тілі жасай берсін!»,  – деді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.