Алматыда қылмыс 57,4 пайызға төмендеді

Алматыда қылмыс 57,4 пайызға төмендеді

Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін бүгін сағат 00:00-ден бастап Полиция департаменті, әскери полиция, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қала көшелерін күзету күшейтілді. Сондай-ақ, Патрульдік полиция полкі мен Мамандандырылған батальонның жеке құрамының көмегімен екі ауысымдық авто патрульдеу түрінде көшелерді күзету енгізілді.

«Жаяу патрульдеу бағыттары мен патрульдік полиция бригадасы қайта қаралып, топтастырылды. Қызмет көрсету механизмі жаңартылды. Жұмысқа тартылған қызметкерлер енгізілген шектеулерге сәйкес халық арасында түсіндірме жұмыстарын дамытуға баса назар аударады. Төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзған жағдайда, құқық бұзушыға қатысты қылмысының ауырлығына байланысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады. Бұл шаралар ең алдымен қалада короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін бағытталған» дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар полиция полковнигі өзіміз бен жақындарымыз үшін ортақ жауапкершілікті күшейте түсуге шақырды. Үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемелерге бару керек кезде ғана шығу керектігін ескертті.
«Қалада қылмыс 57,4 пайызға төмендеді. Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау 44,4 пайызға азайды. Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5 пайызға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды.
Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған» дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов. Инфекция ошақтары анықталған әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істеуде. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ