Әнші Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толған мерейтойын атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің мерейтойында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің назарын аударды.
Әншінің қуанышына өнердегі ұстаздары мен достары, жақындары жиналған.
Кеш барысында Мейрамбек Беспаев кенже қызын алғаш рет көпшілікке көрсетті.
Әншінің үшінші перзенті әрі кенже қызы 2024 жылдың қыркүйек айында дүниеге келген еді. Оған Айзия деген есім қойған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.