Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойында тілек айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші өнер саласында жүрген жігіттерді отбасын, жұбайын бағалауға шақырды.
"Жігіттер, сіздерге айтарым бар. Мейрамбек сияқты барлық өнер жұлдызы отыр осы жерде. Сіздердің осылай еркелеп, халықтың алдында жұлдыз болып жүргендеріңіздің артында үйдегі жұбайларыңыз тұр. Сіздер алысқа кеткенде балаларыңызды күні-түні жалғыз бағып, үйге келгенде тамағын дайындап, айлап күтіп отыратын осы жан-жарларыңыз ғой. Қосағыңмен қоса ағар дейді. Мейрамбектің осындай жұлдыз болып жүргені осы жұбайының арқасы деп ойлаймын. Отбасылық бақыттың өмірде үлесі көп", - деді Роза Рымбаева.
Желі қолданушылары бұл сөз орынды айтылғанын жазып, қызу талқылап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.