«Қызының ернінен сүйген әке»: Меруерт Түсіпбаева қоғамда дау тудырған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Оның ойынша, қызға мамандар тарапынан қолдау керек.

Әнші Меруерт Түсіпбаева қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Өскеменде он екі жастағы қызын туған күнімен құттықтаған әкенің әрекеті ақылға қонымсыз екенін айтты. Оның ойынша, қызға мамандар тарапынан қолдау керек.

Желі қолданушылары да әкенің қыздың ернінен сүйгені ерсі екенін жазып жатыр.

«Құрметті оқырманым, демалыста едім. Желіден демаламын деп сөз бергенмін. Бірақ ұстаз ретінде, ана ретінде, қоғам қайраткері ретінде беймарал жата алмадым. Шыны керек, мынау кісінің әйелі, яғни қыздың анасы өзі түсірген видео тарап кеткен. Бұл арнайы көмек керек деген дабылы емес пе екен?! Ананың жан айқайы емес пе екен бұл? Өйткені профайлер болмасам да, қыздың анасының күлкісі, ақталғаны барлығы жасанды көрінді маған. Кеше жұбайы екеуі отырып түсірген видеода еркек ақталып отыр, ал әйел күліп отырған сыңай танытып отыр ғой, сол жерде. Түрінде бір мысқыл күлкі аңғардым. Жасөспірім қыз өсіріп отырған аналар жауап беріңіздерші? Бұл отбасындағы оқиға сіздерге әсер етті ме? Осы қыз бала бұл еркектің туған қызы ма өгей ме екен? P.s. Кешіріңіздер, Президентіміз де айтты ғой, (сүйісу туралы) негізі. Ересек адамның сілекейі арқылы миллион инфекция тарайды ғой. Бәлкім қыз баланы гинеколог мамандар тексеруі қажет болар. Ал анасына психолог / профайлер керек-ау”, — деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.