Қазақстандық былғары қолғап шебері Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында мысырлық боксшы Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Марал Төлепберген 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) және Бибарыс Әшірбай (70 келі) 1/2 финалға өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.