Үлкен Кремль сарайында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды

Жиынға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары қатысып отыр. Отырыста халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ұйым аясындағы ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланады.

Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Жиынға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары қатысып отыр. Отырыста халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ұйым аясындағы ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде ҰҚШҰ-ның 2030 жылға дейінгі терроризмге қарсы стратегиясына қол қою жоспарланған. Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ұйымға төрағалық ету құқығын Тәжікстанға беру мәселесі қаралады