Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.
Осылайша Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) ақтық сынға өткен еді.