9–10 қараша күндері Вашингтонға жұмыс сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев америкалық жетекші компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Келіссөздерге BlackRock, Global Infrastructure Partners (GIP), Orion Resource Partners, Marriott International және General Motors компаниялары қатысты.
Тараптар инфрақұрылым, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, маңызды минералдарды өңдеу, автомобиль өндірісі және қонақүй бизнесі салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.