Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алмалы аудандық сайлауалды штабының мүшелері және білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жиын барысында партияның қалалық инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды.
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі қарбалас уақытта жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру болды. Колледж өкілдері көлік ағынын реттеу мақсатында қаланың қозғалысы ең тығыз жол учаскелерінде жол реттеушілерінің санын арттыруды ұсынды. Сонымен қатар көлік кептелістері, автотұрақ орындарының тапшылығы және мегаполистің көлік инфрақұрылымын жетілдіру қажеттілігі қозғалды.
Ерекше назар әлеуметтік желілер мен интернет-платформалар арқылы есірткі заттарының таралуына аударылды. Қатысушылар мұндай заңсыз ұсыныстардың, әсіресе жасөспірімдер мен жастар үшін қолжетімді болуына алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты профилактикалық шараларды күшейту, цифрлық сауаттылықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік тетіктерін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов көлік инфрақұрылымына қатысты мәселелерді шешуде және жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кешенді тәсілдің қажеттілігіне тоқталды.
«Жол қауіпсіздігі мен көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелері алматылықтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Бүгінде қарбалас уақытта көлік ағынын тиімді реттеу, қозғалысы тығыз жол учаскелеріне ерекше назар аудару және автотұрақ тапшылығы мәселесін шешу маңызды. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы есірткі заттарының таралуы, әсіресе олардың жастар үшін қолжетімді болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, ақпараттық қауіпсіздікті арттыру және жас ұрпақтың мұндай қауіп-қатерлерге саналы көзқарасын қалыптастыру қажет. Бұл мәселелердің барлығы кешенді тәсіл мен бірлескен күш-жігерді талап етеді», - деді Шыңғысхан Маманов.
Кездесу білім беру саласы өкілдерінің нақты ұсыныстарын талқылауға, жол қозғалысын ұйымдастыру және қалалық ортаның қауіпсіздігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.