«Уақыт емдемейді екен...»: Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды

Оның айтуынша, уақыт адамның қайғысын жеңілдетпейді, тек жақынын сағынып өмір сүруге үйретеді.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірден өткен жолдасы, кәсіпкер Қайрат Беркімбаевты еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол күйеуінің өмірден өткеніне төрт жыл өткенін, қазір өткен күндерді сағынышпен еске алатынын айтты. Оның айтуынша, уақыт адамның қайғысын жеңілдетпейді, тек жақынын сағынып өмір сүруге үйретеді.

“Қарашаның ызғары… Қайрекеңнің бақилық болғанына бүгін төрт жыл… Өзіңсіз төрт күз, үш қыс, төрт көктем өтті. Бірақ сен кеткен қарашаның ызғары бәрібір жүрегімізден кеткен жоқ… Уақыт емдемейді екен. Тек сағынышпен өмір сүруді үйретеді. Оңай емес… Қатты қиналған сәттерде ешкімге көрсетпей, кейде оңаша жылап аламын. Шыным”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.