Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері атанды

Отандасымыз алғашқы кездесуінде норвегиялық Сару Наташу Фемер-Педерсенді 2:0 есебімен жеңді.

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Таеквондодан 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Любовь Юн қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде норвегиялық Сару Наташу Фемер-Педерсенді 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда бразилиялық Рафаэла Мейреллес да Костадан да дәл осындай есеппен басым түсті.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы сербиялық Эма Зечировичке қарсы шықты. Тартысты бәсекеде қарсыласы екі раундта 18:4 және 14:4 есебімен жеңіске жетті. 

ҚР Спорт комитеті мәліметінше, жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола медаль иеленеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.