«Адал досым»: Айгүл Иманбаева Мейрамбек Бесбаев туралы әсерлі жазба жариялады

Өнер иесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.

Актриса Айгүл Иманбаева әнші Мейрамбек Бесбаевты мерейтойымен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. Айтуынша, ол әншімен студент шақты бірге өткізген.

«Мейрамбек менің 17 жасымнан бастап, өмірдің сан қилы өткелдерінде қатар жүріп келе жатқан, бірге өскен, бірге оқыған, өнерде де, өмірде де адал досым. Осыдан 33 жыл бұрын бірінші Алматыдағы кіп-кішкентай хрущевка үйде Мейрамбектің 17 жасқа толған туған күнін атап өтіп едік. Ол кезде барлығымыз уайымсыз, арманшыл студентпіз. Көзді ашып-жұмғанша жылдар өтіп, міне, бүгін Мейрамбек досым жасы 50-дің биігіне шығып отыр. Сол 17 жастағы бейқам, ақкөңіл студенттік шаққа бірге саяхат жасап қайттық. Қандай биікке көтерілсе де, баяғы сол ақкөңіл, бауырмал, адал Мейрамбек әлі де сол қалпы», - деді Айгүл Иманбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.