2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Н. Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және «Заң және тәртіп» қағидатын ұстана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жалғасуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.