Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттеме өз күшін сақтайды және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатыр.
Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді.
«Самұрық-Қазына» АҚ өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктестерімен ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растайды.