Блогер Елдос «Колобок» бір жасқа толған ұлын көрсетті (видео)

Блогер ұлы дүниеге келгеннен кейін өмірі өзгергенін жеткізді.

Елдос Колобок лақап атымен танымал блогер Елдос Қадырханов бір жасқа толған ұлын көпшілікке көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол он жылға жуық күткен қуанышты сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада жұбайы екеуі ұлына ізгі тілегін айтқан.

Блогер ұлы дүниеге келгеннен кейін өмірі өзгергенін жеткізді.

“Әлем Елдосұлы бір жаста! Туған күніңмен, құлыным, өмірім, қызығым, бұзығым! Сен өмірімізді өзгерттің, сен бізді өзгерттің. Сен бізге әке-ана деген атақ бердің, ол мәртебенің салмағы мен жауапкершілігі қандай екенін сездірдің. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Алғашқы туған күнің құтты болсын! Сенің елу жас тойыңда “Жаным балам” деп Танчо екеуіміз ән айтып тұрайық. Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Көз қуанышымыз болып жүре бер. Тіл-көзден аман болсын”, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.