Бүгін Астанада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу жиыны өтеді

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.

Бүгін, 13 қарашада сағат 9.00 мен 18.00 аралығында елордадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы жоспарлы оқу-жаттығу жиынын өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу іс-шарасы «Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС (шоссе Қарқаралы, 15) аумағында өтеді.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.

Оқу-жаттығу аясында «Қазақ ұлттық спорт университеті» ЖШС аумағында жаяу жүруге және көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу қарастырылған.

«Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан іс-шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз», - делінген елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.