Теннисші Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз жұптық сында словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты.

Кездесу екі сетке созылып, Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді финал жолдамасы үшін олар америкалық Рашида Макаду мен Анна Роджерспен кездеседі.