Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 228-ге жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 228-ге жетті
115
оқылды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 228-ге жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 наурыз сағат 22:00 жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 18 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 135 адам, Алматы қаласында – 51 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 228 науқас тіркелді", – делінген министрлік таратқан хабарламада.