Көкшетауда ер адамның мәйіті табылды: полиция суицид нұсқасын қарастырып жатыр

Қайғылы жағдай қала тұрғындарын бейжай қалдырмады. Куәгерлердің бастапқы мәліметінше, марқұм көпқабатты үйдің оныншы қабатынан құлаған. Алған ауыр жарақаттарынан аман қалу мүмкін болмаған.

Ақмола облысының орталығында қайғылы оқиға болды. 13 қараша күні Көкшетау қаласындағы Әуелбеков көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол оныншы қабаттан құлаған.

Өкінішке орай оқиға орнында бірден көз жұмған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қайғылы жағдай қала тұрғындарын бейжай қалдырмады. Куәгерлердің бастапқы мәліметінше, марқұм көпқабатты үйдің оныншы қабатынан құлаған. Алған ауыр жарақаттарынан аман қалу мүмкін болмаған.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

- 13 қараша күні Көкшетау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деді Ақмола облысы полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы