Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласындағы ахуалды сынға алып, инфрақұрылымды жаңа жағдайға дер кезінде бейімдеу стратегиялық дамудың шешуші факторы екенін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметін қатаң сынап, кірісті арттыру, қызметті оңтайландыру, соның ішінде цифрландыру құралдары арқылы компанияның жұмыс тиімділігін көтеру міндетін қойды.
Президент логистика орталықтарын кеңейту, шекаралық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, саладағы барлық үдерісті кешенді цифрландыру, сондай-ақ жүктердің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдағы кедергілерді жою мәселелеріне айрықша тоқталды.
Бұдан бөлек, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтай отырып, инвесторларға, көлік-логистика компанияларына барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігіне назар аударылды.
Осы орайда, Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көлік-транзит саласын одан әрі дамыту және Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Тапсырмалардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүктелді.