Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Мемлекеттік архив ұжымымен кездесті

Басқосуда мәдени мұраны сақтау, қаланың тарихи-мәдени әлеуетін дамыту және тұрғын үй инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері Алматы қаласының Мемлекеттік архиві ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Басқосуда мәдени мұраны сақтау, қаланың тарихи-мәдени әлеуетін дамыту және тұрғын үй инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алатау аудандық сайлауалды штабының мүшелері және мекеме қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, тарихи құндылықтарды сақтау, мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне назар аударылды.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлжан Бекенова тұрғын үй мәселесін шешудің және қаланың тарихи мұрасын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

«Алматының қарқынды дамуы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырумен қатар жүруі тиіс. Сайлауалды бағдарламамызда 2031 жылға қарай бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 33 шаршы метрге дейін жеткізу және жалпы ауданы 16,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Сонымен бірге қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау да маңызды міндеттердің бірі. Өйткені қаланың болашағын қалыптастыруда оның тарихы мен мәдени құндылықтарын ұмытпауымыз қажет», - деді Гүлжан Бекенова.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері қаланың дамуына қатысты пікірлерін білдіріп, алдағы мәслихат сайлауына қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.