Үш бірдей қазақ дзюдошысы Загребтегі Гран-придің финалына шықты

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында италиялық Валерио Аккольиді жеңді. Осылайша отандасымыз ақтық сында бразилиялық Рональд Лимамен күш сынасады.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Ғалия Тынбаева мен Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Австрия өкілі Жаклин Спрингерден басым түсті.

Енді Ғалия Тынбаева финалда Италия өкілі Ассунта Скуттомен күреседі.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында италиялық Валерио Аккольиді жеңді. Осылайша отандасымыз ақтық сында бразилиялық Рональд Лимамен күш сынасады.

Айта кетейік, бұған дейін Аман Бақытжан (60 келі) финалға өткен еді. Осылайша үш қазақстандық дзюдошы Хорватияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.