Блогер Елдос «Колобок» он жыл күткен баласының бір жасқа толуына орай той жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол қуанышына танымал қоғам қайраткерлерін, әншілерді, блогерлерді және өнер жұлдыздарын шақырған.
Тойда блогердің ұлы Әлемнің тұсауын белгілі әнші Қайрат Нұртас кесті. Елдос Колобок неге мұндай шешім қабылдағанын ашық айтты.
«Қайрат Нұртасты таңдадық. Бұл кісінің орны бөлек. Қанша жылдар бойы киелі сахнаның аңызы. Өзі бағындырған биік шыңы бар. Басынан таймайтын бағы бар. Сондай бақ біздің баламызға да бұйырсын деп ниет еттік», – деді блогер.
Әлеуметтік желіде бұл көрініс қызу талқыланып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.