Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында жасаған мәлімдемесі

Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай.

Жалпы, заң бойынша тергеу мәселе­ле­­рін жариялауға немесе ашып көрсетуге бол­майды. Оның үстіне, тергеу жұмысы да енді басталды.

Алайда қазірдің өзінде мына нәрсені анық айтуға болады: бұл – біз «Заң мен Тәр­­­тіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Кон­с­титуциямызда мемлекеттік бас­қару мен қоғам өмірінің басты қағи­да­ты ре­тін­де бекіткелі бері біртұтас жүйе­ге кіретін мем­­лекеттік компанияларда бо­лып тұрған сы­байлас жемқорлыққа қа­тысты алғашқы ірі іс.

Еліміздің Конституциясы 15 наурызда жал­пыұлттық референдум кезінде бір­ауыз­­дан қабылданды, 1 шілде күні заңды кү­шіне енді. Осылайша, мемлекетіміздің бас құ­жаты әділетті түрде «Халық Конс­ти­ту­циясы» деп аталды.

Конституцияның ережелері мен бап­та­­рын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құ­жа­тын келемеж жасауға, кемсітушілік көр­сетуге ешкімнің де хақы жоқ.

Конституция – мемлекетіміздің негізгі заңы, бұл – халқымыздың құқықтық төл­құ­жаты. Сондықтан Конституцияны күлкі қылу, оның негізгі ережелерін менсінбеу хал­­­­қымызды кемсітумен бірдей. Ондай әре­­­кет жасағандар «Заң мен Тәртіп» қағи­да­­тына сәйкес қатаң түрде жазаға тар­ты­ла­­тын болады.

Мәселе мемлекетіміздің абыройы, қо­ғам­­­ның ұлттық институттарға деген сенімі, Қа­зақстанның халықаралық беделі туралы болғанда біз, халық билік ету өкілдігін бер­­ген тұлғалар, ұлт мүддесін қорғау жо­лында аян­бай еңбек етуіміз керек, сол үшін қо­лымыздан келгеннің бәрін жасауымыз ке­рек. Бұл – азаматтық және саяси боры­шы­­мыз.

«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің ст­ра­тегиялық активтерін басқарады, ау­қым­ды инвестициялық жобаларды жүзеге асырады, аса ірі шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Түптеп келгенде, кез келген келісімнің, се­ріктестіктің артында ұзақ жылдар бойы жа­салатын көптеген келіссөз, соның ішін­де халықаралық қауымдастықтың елімізге де­г­ен үлкен сенімі мен мемлекетімізге жүк­­телген нақты міндеттер тұрады.

Тек соңғы үш жылдың ішінде, яғни 2023 және 2025 жылдар аралығында 3 168 сы­байлас жемқорлық бойынша құ­қық­бұзушылық анықталды, соның ішінде 2 165 құ­қықбұзушылықты мемлекеттік қыз­мет­шілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұл­ға­лар, атап айтқанда, квазимемлекеттік сек­тор қызметшілері жасаған. Жалпы со­масы 248 миллиард теңгеден асады.

Осы жылдың он айы ішінде 751 сы­байлас жемқорлыққа қатысты құқық­бұзу­шылық жасалған, соның 546-сын – мем­ле­кеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұл­ғалар жасаған, соның ішінде квазимем­ле­кеттік сектор қызметшілері де бар.

Осы статистикадан көріп отырға­ны­мыз­дай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәр­сені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз. Біз осы сала­дағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жем­қорлықты жою үшін қабылданған және қа­былданатын шаралар туралы да ешнәр­се­ні жасырмай, барлығын халыққа ашық көр­сетіп отырамыз.

Сол себепті түрлі деңгейдегі басшы­лар­дың жымқыруға қатысты құқық­бұзушы­лық­тарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қызметі Бас прокуратурамен бір­ге жедел және жіті тексереді.

«Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес», тіп­ті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол беріл­мей­ді. Өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды. Біз бәріміз де осы заңға бағынуымыз керек.

Жоғары лауазымға ие болу – әрқашан және әрдайым жүктелетін жоғары жауап­кер­шілікті дұрыс түсіну деген сөз. Қоға­мы­мызда атқаратын лауазымына, сіңірген ең­бегіне не болмаса тамыр-таныстарына, со­ның ішінде туыстық байланыстарына қа­рамастан, ешкім де заңнан аттап кете ал­майды. Бұл – мен үшін мызғымайтын, яғни өзгермейтін ұстаным. Соңғы кезде біз кей­бір келісімдер мен шарттарды қайта қара­дық. Меніңше, оларға қол қою қате ше­шім болған.

Бірақ биліктің кәсіпкерлерге кедергі­лер, тосқауылдар жасайтын ойы да, ниеті де жоқ. Керісінше, біз оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз жә­не алдағы уақытта да солай болады

Бәріңіз де білесіздер, мен келесі жыл­дың 1 қаңтарынан бастап шағын кәсіпкер­лік­ті тексеруге арналған тағы бір үш жыл­дық мораторий жариялау туралы тапсыр­мам­ды бердім. Елімізде біртіндеп орнығып жат­қан «Заң мен Тәртіп» құқықтық стра­те­гиясының түпкі мәні де – осы: әділеттілік қа­ғидатына және заң талаптарына сай кө­мекке мұқтаж адамдарға, сондай-ақ кә­сіпорындарға қолдау көрсету.

Жағдай қаншалықты күрделі болса да «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры­ның аппараты мен мемлекеттік компания­лар­дың, соның ішінде «Қазақстан темір жо­лының» жұмысы тоқтап қалмайды, үз­дік­сіз жүре береді. Мемлекеттік компа­ния­ларға қарасты барлық мекемелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие беру­шілердің аталған институтқа деген сенімін арт­тырып, олардың мейлінше тиімді, ашық жә­не жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік бере­ді деп санаймын.

Бас прокуратура жалпы сомасы 1,3 трил­лион теңгеден асатын заңсыз ием­ден­ген активтерді қайтарғанын еске саламын. Бұл қаражат 466 әлеуметтік және инфра­құры­лымдық нысанның құрылысына жұм­салды.

Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде ме­дициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері са­лынып бітті. Жұмыс жалғаса береді.

Қалыптасқан жағдайға қарағанда, ны­сандар қаншалықты сапалы салынғанын тек­серуге себеп бар сияқты. Өйткені ны­сандардың, соның ішінде жолдардың са­пасы талапқа сай болмайтын жағдай жиі кездеседі.

Дегенмен осы оқиғаның өзі жем­қор­лық­қа қатысты құқықбұзушылықтар мем­ле­кеттік компаниялардың ең осал тұсы, яғ­ни басты дерті екенін айқын көрсетіп отыр.

Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы ор­­гандар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жем­­қорлыққа қатысты құқық­бұзушы­лық­тар­ды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қы­зм­еткерлерінің жұмыс сапасын айтар­лықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін.

Өздеріңізге мәлім, қазір біз жаңа тари­хи кезеңге қадам бастық. Енді бір орында тұ­рып қалуға, бұрынғы жетістіктерді місе тұ­тып, арқаны кеңге салуға хақымыз жоқ. Әді­летті Қазақстанды құру ісінде жалқау­лық пен селқостыққа бой алдыруға бол­май­­ды.

Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ние­ті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағ­дарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз.

Барлық әлеуметтік инфрақұрылым ны­сан­дары, соның ішінде жолдар, әуежайлар, ем­ханалар, оңалту орталықтары, шығар­ма­шылық үйлері, мектептер мен спорт ке­шендері сапалы салынуы керек. Бұл – мүл­тіксіз орындалуға тиіс талап.

Мемлекет қаржысының тиімді жұм­салуын арнайы мемлекеттік комиссия қа­да­ғалайды. Оның құрамы келесі аптаның ба­сында жарияланады.

Осылайша, біз халықтың әл-ауқатын арт­тыруды және азаматтардың тұр­мыс са­па­сын жақсартуды көздейтін түпкі мақ­саты­мызды жүзеге асыруды бастай­мыз.

Осы істе Конституциямызда бекітілген Заң, Әділеттілік және Тәртіп қағидаттары ай­нымас темірқазығымыз болады. Әрине, бұл жол оңай болмайды. Тіпті түрлі қиын­дық­тар да кездесетіні анық. Халқымыз «Жол мұраты – жету» деп бекер айтпаған. Сондықтан табандылық танытып, алға қойған мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз.