Өндіріс пен технология – егіз ұғым

Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттер Солтүстік Қазақстан, Атырау облысы мен Астана қаласында өткен талқылаудың өзегіне айналды.

Солтүстік Қазақстан облысында қоғам белсенділері пластик қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт ұжымымен Жолдауда айтылған отандық өндірісті дамыту және ресурстарды тиімді пайдалану міндеттерін талқылады. Зауытта қалдықтардан тұр­мыс­тық бұйымдар жасауға қажетті шикізат дайындалады. 

Астанада «Әділет» партиясының өкілдері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің студенттерімен кез­десіп, Жолдаудың негізгі бағыттары, тұр­ғын үйлер, жолдар, ауруханалар мен мә­дениет нысандарын салу жоспарлары, сондай-ақ экономика мен салық жүйе­сіндегі алдағы өзгерістер туралы айтылды.

Ал Атырау облысында мұнай-газ сала­сын жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздік және экономиканы әртараптандыру мә­селелері талқыланды. Кездесу барысында шикізатты терең өңдеу, қосылған құны жоғары өнім шығару, өндіріс ісін жетілдіру және еңбек қауіпсіздігін күшейту міндет­тері сөз болды.

«Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бей­біт Мырзағалиев Жолдаудағы басым­дық­тардың мұнай-газ кәсіпорындары үшін де өзекті екенін жеткізді.

– Мұнай-газ кәсіпорындары үшін бұл – өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, еңбек қауіпсіздігін күшейтіп, ре­сурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін бағыттар. «Әділет» партиясының бағдар­­лама­сы да әділ әрі бәсекеге қабілетті эконо­ми­каны құру, отандық өндірісті қолдау, кә­сіпкерлікке тең мүмкіндік жасау және цифр­лық техноло­гияларды дамыту міндет­терімен сабақтаса­ды, – деді төраға орынбасары.

Жиын барысында «Ембімұнайгаз» бас­тауыш партия ұйымының төрағасы сай­ланып, ұйымның алдағы жұмыс бағыт­тары айқындалды. Сондай-ақ Жолдаудағы мін­дет­терді еңбек ұжымдары арасында түсін­діру және қызметкерлердің ұсыныс­тарын жинақтау жөнінде шешім қабылданды.

Үш өңірдегі кездесуде көтерілген мә­селелер әртүрлі болғанымен, олардың бар­лығы елдің экономикалық әлеуетін арт­тыру, адами капиталды дамыту және ха­­лықтың өмір сапасын жақсарту міндет­те­рімен сабақтас. Өңірлердегі түсіндіру жұ­мыстары осы басымдықтарды нақты са­лалардың тыныс-тіршілігімен байла­ныс­тыра талқылауға бағытталған.

Бекбол АМАНГЕЛДІ