Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады

Жаңа ережеге сәйкес, жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем бір айдан үш айға дейін тағайындалады. Төлем мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мәлімдеді.

Жаңа ережеге сәйкес, жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем бір айдан үш айға дейін тағайындалады. Төлем мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады.

Атап айтқанда, әлеуметтік аударымдары 6 айдан 12 айға дейін төленген азаматтар жәрдемақыны бір ай, 12 айдан 24 айға дейін төленгендер екі ай алады. Ал әлеуметтік аударымдары кемінде 24 ай бойы төленген азаматтарға төлем үш айға тағайындалады.

Сондай-ақ әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу қойылады. Ол жеті ең төменгі жалақының 45 пайызынан аспауға тиіс.

Жаңа тәртіп бойынша жұмысынан айырылған азамат әлеуметтік төлемді қайта алу үшін алдыңғы төлемнен кейін кемінде 12 ай өтуі керек.

Өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлем алуға өтініш берген азаматтарға қолданылады. Ал осы мерзімге дейін тағайындалған төлемдер бұрынғы шарттар бойынша белгіленген мерзімі аяқталғанша төленеді.