Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз күшейіп, жаңбыр мен қар жауады

Синоптиктердің 14-16 қарашаға арналған болжамына сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Тек Қызылорда облысында күн ашық болады.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кей өңірлерде ауа температурасы 18 градус аязға дейін төмендейді.

Синоптиктердің 14-16 қарашаға арналған болжамына сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Тек Қызылорда облысында күн ашық болады.

15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын түседі.

– Ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, – деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы бастапқыда 2-8 градус жылыдан 6-11 градус жылыға дейін көтеріліп, 16 қарашада 2 градус аяз бен 3 градус жылу аралығында болады. Күндіз ауа температурасы 8-13 градустан 1-8 градус жылуға дейін төмендейді.

Елдің оңтүстік-батысында түнде ауа температурасы 4-9 градус жылыдан 5 градус жылуға дейін, күндіз 10-15 градустан 5-10 градус жылуға дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, күндіз 2-11 градус жылы болады. Солтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз бен 2 градус жылу аралығында, күндіз 2 градус аяздан 5 градус жылуға дейін құбылады. Павлодар облысында түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылу аралығында болады.

Орталық өңірлерде түнде 2-10 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 5 градус жылуға дейін болжанып отыр.

Шығыста күн суытады. Түнгі ауа температурасы 1-8 градус аяздан 6-13 градус аязға дейін төмендейді. Күндіз 5 градус аяз бен 3 градус жылу аралығында болады.

Оңтүстікте түнде 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, күндіз 5-15 градус жылы болады.

Ал оңтүстік-шығыста түнгі аяз 1-6 градустан 5-10 градусқа дейін күшейеді. Таулы аудандарда ауа температурасы 13-18 градус аязға дейін төмендейді. Күндіз өңірде 2-10 градус жылудан 8 градус жылуға дейін, таулы аймақтарда 3-8 градус аяз болады.