Ақтөбеде кафеде жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті

№1 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Қадырбек Иманбаевтың айтуынша, 13 қараша күні сағат 10:28-де қоғамдық тамақтану орнындағы оқиғаға байланысты жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.

Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде болған жарылыстан екі адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олардың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді.

№1 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Қадырбек Иманбаевтың айтуынша, 13 қараша күні сағат 10:28-де қоғамдық тамақтану орнындағы оқиғаға байланысты жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.

– Бір минут ішінде оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы жетті. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, №1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деді Қадырбек Иманбаев.