Қазақстанның 17 жасқа дейінгі футболшылар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Австрияны 7:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды.
ҚАЗАҚСТАН 7:0 АВСТРИЯ
19' — Роман Черноморец
21' — Ануар Төленді
24' — Ануар Төленді
35' — Сәлім Хасанов
60' — Ислам Рашидов
63' — Роман Черноморец
78' — Ибрахим Асан
Кездесуде «Қайрат» ойыншысы Роман Черноморец пен «Астана» футболшысы Ануар Төленді дубль авторы атанды.
Қазақстан құрамасы 17 қарашада Грузиямен кездеседі. Топта бірінші орын алу үшін біздің футболшыларға тең нәтиже де жеткілікті.