Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласады

Ол хорватиялық Ива Оберанмен кездеседі.

Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық Эсмигүл Куюлова жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда канадалық Джессика Климкейтке есе жіберді. Алайда жұбаныш белдесуінде венгриялық Бригитта Варганы жеңіп, қола медаль үшін күресуге жолдама алды.

Енді Эсмигүл хорватиялық Ива Оберанмен кездеседі.

Ал Ажар Асхат (70 келі), Данияр Шамшаев пен Бақытжан Абдурахманов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.