Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова марқұм актердің ұрпақтарын көпшілікке таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желіде Асанәлі Әшімовтің рухына арнап берілген астан видео тарады. Жиын барысында Бағдат Әшімова өнер иесінің артында қалған ұрпақтарын жиналған қауымға жеке-жеке таныстырған.
«Асанәлі ағамыздың жары Бағдат апайымыз аңыз тұлға Әшімов Асанәлі ағамызға ас берді. Ағамыздың жасамаған жасын ұрпақтары жасасын! Қабыл болсын», – делінген видеоның сипаттамасында.
Желі қолданушылары марқұм актерді еске алып, отбасына жылы лебіздерін білдірді.
«Қабыл болсын», «Бағдат ақылды, дана әйел», «Арты той болсын», «Ниеттері қабыл болсын», «Жатқан жері жайлы болсын», «Ұрпағымен мың жасасын», – деп жазды оқырмандар.