Жезқазғанда отшашу ұйымдастырған әкімші жазаланды

Полиция ресми ақпарат таратты

14 қараша күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласында полиция қызметкері балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады.

Тексеру барысында отшашуды ойын-сауық мекемесінің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша әкімші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге шақырды.