Еуропа Ресей газынан бас тартып, АҚШ-қа тәуелді болып барады

Еуропа Ресей газынан бас тартып, АҚШ-қа тәуелді болып барады

Еуропалық Одақ Ресей газынан толық бас тартуға дайындалып жатқанымен, америкалық энергетикалық ресурстарға тәуелділігі артып келеді. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлады.

2022 жылға дейін Ресей Еуропаға импортталатын газдың шамамен 45 пайызын жеткізсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 12 пайызға дейін төмендеген.

Ал 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуроодаққа жеткізілген сұйытылған табиғи газдың 59 пайызы АҚШ-тың үлесіне тиесілі болды.

Сарапшылардың болжамынша, 2028 жылға қарай АҚШ Еуропаның сұйытылған газға деген қажеттілігінің 80 пайызына дейін қамтамасыз етуі мүмкін.

Еуроодақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ресейлік сұйытылған газдың ұзақмерзімді жеткізілімдерін тоқтатуды жоспарлап отыр.