Танымал спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі оқырмандарына қызықты сұрақ қойып, қызу пікірталас тудырды.
Ол әкесі мен анасының фотосуреттерін өз суретімен бірге жариялап, көпшіліктен «Мен кімге көбірек ұқсаймын?» деп сұраған.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі актердің әкесіне қатты ұқсайтынын айтса, енді бірі анасына тартқанын жазған.
Жазбаның астында түрлі пікірлер айтылып, пікір қалдырғандар саны мыңнан асты.