Кентауда 20 мыңға жуық бетперде тегін таратылды
Кентауда 20 мыңға жуық бетперде тегін таратылды
132
оқылды
Бүгін қарт Қаратаудың тәжі атанған Кентау қаласында 20 мыңға жуық бетперде тегін таратылды. Игі іске қаладағы еріктілер ұйымы ұйытқы болып отыр. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде қат тауарға айналғандардың бірі бетперде. Атап айтқанда, індеттен сақтану үшін тұтынатын бұл тауарды іздеп қай дәріханаға барсаңда көбіне «жаңа ғана таусылып кетті» деген жауап алуға жұрттың да құлағы үйрене бастағандай. Дегенмен Үкімет бұл мәселені реттеуге күш салып жатыр. Ал осындай қысылтаяң шақта көмек қолын созушылардың саны арта түскені қуантарлық жағдай. Әрбір көшені аралап тұрғындарға бетперде мен арнайы қорғаныш қолғаптарын тарту еткен жастар, коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді. Көшеге көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сақтық шараларын үнемі сақтауды айтып, түрлі кеңестермен бөлісті. коронавирус – Еріктілер бетперделерді өздері қолдан тікті. Қазір қала көшелерінде біршамасын таратты. Сондай-ақ, қалаға кіре-беріс қақпада орналасқан блок-посттағы келушілерге берді. Енді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне алып барып береміз. Бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз – дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов. Сондай-ақ, қазіргі таңда қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарлар мен аллеяларға, көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы.