Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ермек Сағымбаев 1994–2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2006–2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2019–2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы;

2021–2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК төрағасы болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.