Ақтөбеде бетперде таққан белгісіз адам 49 жастағы адамды атып кеткен

Кейін үйдегі ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ марқұмның автокөлігін алып, қашып кеткен.

Ақтөбеде 49 жастағы ер адам өз үйінде атып өлтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 16 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз адам жеке тұрғын үйге баса-көктеп кіріп, 49 жастағы үй иесіне оқ атқан. Кейін үйдегі ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ марқұмның автокөлігін алып, қашып кеткен.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Полиция департаменті.