Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова 6 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтетін триатлоннан әлем кубогы кезеңіне қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыс Әл-Мамзар саябағында ұйымдастырылады. World Triathlon ұйымының мәліметінше, аталған бәсекеде 65 спортшы бақ сынайды.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Диана Ержанова бұл додаға дейін қараша айында Иорданияның Акаба қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.