Отандасымыз аталған жарыста финалға дейін жетті. Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді. ҚР ҰОК мәліметінше, БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.