Жаңаөзенде екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті

Жол-көлік оқиғасы 15 қараша күні сағат 14:30 шамасында болған. Toyota Camry мен Daewoo Nexia автокөліктері соқтығысқан. Қатты соққыдан көліктердің бірі бағанаға соғылып, салдарынан бағана көліктің үстіне құлаған.

Жаңаөзен қаласындағы Рахат-2 шағынауданында екі көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы 15 қараша күні сағат 14:30 шамасында болған. Toyota Camry мен Daewoo Nexia автокөліктері соқтығысқан. Қатты соққыдан көліктердің бірі бағанаға соғылып, салдарынан бағана көліктің үстіне құлаған.

Апат салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жол апатына үш емес, екі автокөлік қатысқанын нақтылады.