Қазақстанда қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте тұрғандар саны 575 мыңнан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, елімізде 575 499 адам қант диабетімен есепте тұр. Оның 30 987-сіне бірінші типті, ал 544 512-сіне екінші типті қант диабеті диагнозы қойылған.
Осылайша, науқастардың басым бөлігі, яғни 94,6 пайызы екінші типті қант диабетімен ауырады.
Соңғы жылдары қант диабетімен ауыратын балалар мен жасөспірімдер саны да артқан. Мәселен, 2022 жылы 18 жасқа дейінгі 5 387 бала есепте тұрса, 2025 жылы олардың саны 6 822-ге жеткен. Бұл төрт жыл ішінде көрсеткіштің 26,6 пайызға өскенін білдіреді.
Сонымен қатар қант диабетімен ауыратын азаматтарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету көрсеткіші де ұлғайған. 2022 жылы 382 579 адам тегін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым алса, 2025 жылы олардың саны 461 815-ке жеткен.