«Нағыз махаббат бақылау мен шектеуден тұрмайды»: Айгүл Иманбаева оқырмандарын ойландырып қойды (видео)

Оның айтуынша, нағыз махаббат сенім мен өзара құрметке негізделеді.

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында махаббат тақырыбында сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, нағыз махаббат сенім мен өзара құрметке негізделеді. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың рухани тұрғыда бір деңгейде дамып отыруы маңызды.

«Нағыз махаббат бақылау мен шектеуден тұрмайды. Ол екі ересек, өзін-өзі таныған тұлғаның бір-біріне еркіндік бере отырып, өз еркімен бірге болуды таңдауы. Рухани биіктік серігіңнің жеке кеңістігін құрметтеу, оған күмәнсіз сену және бірге өсу. Сізді жоғалтып алудан қорқып, қызғанатын адам емес, жаныңызда жүріп бірге дамитын адам нағыз серік деп білемін. Саналы махаббат – қасында болғанда да, мыңдаған шақырым қашықтықта жүрсең де, бір-біріңді үнсіз көзбен түсініп, шексіз қадірлейтін, қолдау көрсете білетін ерекше күй», – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.