«Құттықтап қойыңыздар»: әнші Толқын Забирова қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Өнер иесі ұлы шаңырақ көтергенін айтып, неке қиған сәттен видео жариялады.

Әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі ұлы шаңырақ көтергенін айтып, неке қиған сәттен видео жариялады. Сонымен қатар әнші көпшілікке құда-құдағиы мен келінін таныстырды.

«Достар, мені құттықтап қойыңыздар! Бұл – менің құдағиым, аты Зәуре. Қазір құдамыз келеді, күтіп тұрмыз. Мінеки, осындай бақытты күнге жетіп отырмыз. Аллаға мың шүкір. Мен бақыттымын», - дейді әнші.

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап жатыр.

«Ене мен келін қатты ұқсайды, бақытты болсын», «Жастар бақытты болсын», «Артық шусыз, қандай керемет көрініс», «Келiннiң аяғы құт, берекелі болсын отбасыңызға. Мыңжылдық құдалар құтты болсын, жастар бақытты болсын!», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.