Қазақстандық дипломаттар Әмірліктердегі 800 қазақстандыққа елге оралуға көмек көрсетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. "Covid-19 пандемиясы аясында БАӘ халықаралық әуе рейстерінің көпшілігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, елде дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларға байланысты автокөлік қозғалысы шектеулі. Осыған орай, 20-28 наурыз аралығында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі, Дубайдағы Бас консулдығы және Әмірліктердің мемлекеттік органдардың көмегімен Қазақстанға 801 отандасымыз қайтарылды. Бүгін «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен Дубай – Алматы бағыты бойынша 116 қазақстандық оралды. Біздің дипломаттарымыздың күшімен үйге оралуды қажет ететін азаматтарымыз осы рейске қосымша отырғызылды", – делінген хабарламада.