Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті тағайындалды

Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президенті болып тағайындалды.

Құрманбек Жұмағалидің отандық медиа, телевидение және қоғамдық коммуникациялар саласында мол басқарушылық тәжірибесі бар. Әр жылдары ол республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарып, ірі медиа-жобаларды жүзеге асырған, сондай-ақ өңірлік және орталық мемлекеттік құрылымдарда ақпараттық саясат бағытына жетекшілік еткен. Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте және бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарып, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы, «Қазақ радиолары» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, ал 2021–2023 жылдары «31 арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы шілдеден бастап бүгінгі уақытқа дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.