Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті дайындалып жатқанын айтты. "Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады", – деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 29, 2020