«Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды»: Жаһан Отарғалиевтің әйелі қайғылы жағдайды айтты

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі жариялаған бейнежазбаны соңына дейін көрмеген жұрттың құттықтау айтып жатқанын жеткізіп, шын мәнінде отбасында қайғылы жағдай болғанын түсіндірді.

Танымал әзілкеш Жаһан Отарғалиевтің жұбайы Сейіт Ақтолқын көптен күткен сәбилерінен айырылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі жариялаған бейнежазбаны соңына дейін көрмеген жұрттың құттықтау айтып жатқанын жеткізіп, шын мәнінде отбасында қайғылы жағдай болғанын түсіндірді.

– Көбі Жаһан жариялаған видеоны соңына дейін қарамай құттықтауды бастап кетіпті. Өкінішке қарай бәрі біз ойлағандай болмады. Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды. Бірақ барлығы Алланың қалауымен. Бұйырса әлі талай армандарымызға жетеміз, Алладан үмітіміз үзілмесін! – деп жазды ол.

Бұған дейін Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде әке атануды 17 жыл күткенін айтып, әсерлі бейнежазба жариялаған еді. Әзілкеш жұбайының жүкті екенін білгеннен кейін екі ай бойы өзін ерекше бақытты сезінгенін, болашақ сәбиінің жүрек соғысын естіген сәтте қуанышын жасыра алмағанын жеткізді. Өкінішке қарай, көптен күткен қуаныш ұзаққа созылмаған.